Ресейліктер долларды әлеуметтік желіде сата бастады

Фото: money24.mk.ua

Ресей азаматтары АҚШ валютасын әлеуметтік желілерде сатуда, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ресейде банктердің қолма-қол ақшаны сатуға тыйым салуы көлеңкелі валюта нарығының пайда болуына әкелді.

Әлеуметтік желілерде көптеген арналар, топтар мен валюта айырбастау боттары пайда болған. «Валюта айырбастау», «Доллар сатып алу», «Мәскеу валюта айырбастау» сұраулары бойынша ондаған telegram арналар жұмыс істеуде. Олардың көпшілігі наурыздың алғашқы екі аптасында құрылған.

Олардың ішінде доллар сатып алу орындары туралы нақты ақпаратты жариялайтын арналар да бар. Мәселен, олардың бірінде Киев көшесіндегі McDonald’s маңындағы алмастырғышқа хабарласып, 150 рубль доллар сатып алу ұсынылады.

Сондай-ақ, қалалар бойынша кімде валюта бар және оны қандай бағамен сатуға дайын екендігі немесе керісінше, кімге қанша валюта қажет және қанша төлеуге дайын екендігі туралы ақпарат алмасатын топтар да пайда болған. Көбінесе ұсыныстары бір-біріне сәйкес келетін бұл топтардың қатысушылары қала орталығындағы банк бөлімшесінде кездесу ұйымдастырады. Сату бағасы бір доллар немесе еуро үшін 200 рубльге дейін жететін кездер де болатын көрінеді. Осыған ұқсас топтар «Вконтакте» желісінде де бар де бар. 15 наурыздағы Ресей Банкінің ресми валюта бағамы: 1 евро — 127,23 рубль, 1 АҚШ доллары — 115,2 рубль. Банктерде доллар сатып алу бағамы 111 рубльге, евро — 117 рубльге жетті.

Срапшылардың сөзінше, бұл жағдайдың салдарынан елде алаяқтық белең алуы мүмкін. Мамандар мұндай әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

 «Егер 90-жылдары барлығы қаладағы көлеңкелі ақша айырбастау орындарын білсе, қазір тек іздеу жолағына сұрауды теру жеткілікті», – дейді «Бүкілресейлік халық майданы» «Несие алушылардың құқықтары үшін» жобасының жетекшісі Евгения Лазарева.

Ресей Федерациясының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңға сәйкес, уәкілетті банктердің қатысуынсыз валютаны сатып алу және сату заңсыз болып саналады. Жеке және заңды тұлғалар тарапынан жасалатын мұндай операциялар ауырлық дәрежесіне қарай ірі айыппұлдар мен қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.