Ресей Қазақстанға 190 тонна көкөніс пен жеміс-жидек қайтарды

915

Челябинск облысы бойынша Россельхознадзор басқармасы Қазақстанға 191 тонна көкөніс, жеміс-жидек және кебекті қайтарып берді. Бұл туралы бақылау ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.

Олардың мәліметінше, тауарлар карантиндік заңнамаға байланысты жеткізушіге қайтарылған. » Ресейлік-қазақстандық шекарадағы «Тройцк» бақылау-өткізу бекетінде 191 тонна бұрыш, қауын, шабдалы, жүзім және бидай мен кебек партиясы тоқтатылды. Тауарларды тексеру кезінде олардың карантинді екендігі анықталып, жеткізушіге қайтарылды», — деп атап өтті баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ведомство азық-түлік өнімдерінен бөлек ағаш партиясы өткізілмегендігін де хабарлады. «Көкөніс пен жеміс-жидекпен қатар Қазақстанға 60 шаршыметр ағаш материалдары қайтарылды. Оларды шекарадан фитосанитария сертификатынсыз өткізуге тырысқандықтары анықталды», — деді ведомстводан.