Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейде iPhone X-тың бағасы 20 мың рубльге арзандады

Ресейде iPhone X-тың бағасы 20 мың рубльге арзандады

Алматы. 20 ақпан. 7kun.kz — 64 гигабайттық жадысы бар смартфон үлгілері 62 мың рубль бола бастады. Теңгеге шаққандағы құны 350 920 теңге. Ал, смартфонның сатылымға шыққандағы алғашқы бағасы 80 мың рубльды (452 800 теңге) құраған болатын. Бұл туралы tvrain.ru сайты жазды.

Ал, 256 гигабайт жадылы смартфон 70 мың рубль (396 200 теңге) шамасында тұрады.

Бұрын хабарланғандай, Apple 2018 жылдың бірінші тоқсанында iPhone X смартфонының өндірісін екі есеге дейін қысқартуды жоспарлап отыр. Яғни, 40 млн-нан 20 млн-ға дейін. Аталмыш смартфонның сатылым деңгейінің төмендегендігінен осындай шешім қабылданды. Бұл туралы иелігінде өнім жеткізушілерге арналған Apple хаты бар жапондық Nikkei газеті хабарлаған болатын.

Басылымға сәйкес, компания жаңа жыл қарсаңында Еуропа, АҚШ және Қытай нарығында сату деңгейінің қысқаруына байланысты біраз алаңдады. Десе де, Apple өзге де, арзан бағалы смартфондар мен iPhone 8, iPhone 8 Plus және iPhone 7 үлгілерін өндіруді қысқартатын ойы жоқ. Ол осындай үлгілердің 30 млн-ға жуық данасын шығаруды жоспарлап отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы