Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейдегі ең қымбат автокөліктер

Ресейдегі ең қымбат автокөліктер

Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz – Ресейлік «Автостат» сараптама агенттігінің сарапшылары ресей нарығындағы ең қымбат автокөліктердің рейтингін жасады, деп жазады ria.ru.

Бірінші орын құны 35 865 000 рубльді құрайтын Rolls-Royce Phantom лимузиніне тиеселі.
Екінші, үшінші орын да осы маркадағы көліктерге тиеселі. Екінші орында Rolls Royce Dawn, үшінші орында Rolls-Royce Ghost. Бұлар тиісінше 28 168 000 және 24 700 000 рубль тұрады. Бестікке Bentley Mulsanne (23 534 000 рубль) және Ferrari 812 спорткары (22 400 000) кіреді.
Агенттік ақпаратынша, 2017 жылдың желтоқсанында ресейліктер жаңа автокөлік сатып алуға 215,8 млрд рубль, жыл бойы 1,767 трлн рубль жұмсаған.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы