Ресейлік Urals мұнайы екі есе арзандады

331
Ресейлік Urals мұнайы екі есе арзандады...............................

Ресейлік Urals мұнай маркасының орташа бағасы 2015 жылдың қаңтар-мамыр айларында барреліне 56,05 долларды құрады. Бұл жөнінде Қаржы министрлігінің сарапшысы Александр Сакович мәлімдеді.

Өткен жылдың баламалы кезеңімен салыстырғанда мұнайдың орташа бағасы барреліне 106,95 доллардың шамасында болған. Осылайша, ресейлік мұнай сортының бағасы ағымдағы жылы шамамен екі есеге төмендеген.

2015 жылдың мамыр айында Urals мұнайының орташа бағасы барреліне 63,69 доллар болған. Бұл 2014 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 1,7 есе аз.

Ағымдағы жылдың наурыз айында қаржы министрі Антон Силуанов 2015 жылдың екінші тоқсанында бюджет түсімінің азаюы мүмкін деген еді. Оның айтуынша, мұнайдың арзандауы — Ресейдің негізгі экспорттық ресурсының нәтижесіне айналады. Алдағы уақытта Қаржы министрлігінің ойынша, қара алтын бағасы барреліне 70 долларға жете қоймайды.