Роснефть Арктикада мұнай қорын тапты

Роснефть
Фото: gazeta.ru

Алматы. 19 маусым. 7kun.kz — «Роснефть» компаниясы Шығыс Арктиканың солтүстік ұңғымасында кен орнын ашты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«»Центрально-Ольгинская-1″ ұңғымасын бұрғылау кезінде Хара-Тумус түбегінің жағалауында Лаптевтер теңізінің Хатанга шығанағында керн үш рет іріктелді. Іріктеулер 2 мың 305 метрден 2 мың 363 метрге дейінгі тереңдікте жүргізілді. Нәтижесінде мұнайға жоғары қанықтық пен жеңіл майлы фракцияларға ие екені анықталды. Бірінші зерттеулерге сүйене отырып, мұнайдың жаңа кенішін таптық деген қорытынды жасауға болады. Істелініп жатқан жұмыстардың арқасында ресурс көлемі артып келеді. Қазіргі уақытта кернді іріктеу жалғасы жатыр», — деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, Хатанга лицензиялы аймағындағы бұрғылау жұмыстарының нәтижесі «Роснефтьті» Шығыс Арктикада алғашқы кен орнын ашушы компания етеді.

Айта кетейік, Хатанга аймағында жұмыстас үргізуге лицензияны «Роснефть» 2015 жылдың қарашасында алған.