S&P Қазақстан рейтингілерін растады

454
S&P Қазақстан рейтингілерін растады...................

Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша Қазақстанның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелік рейтингтерін жағымсыз болжаммен «BBB/А-2» деңгейінде растады деп айтылады агенттік хабарламасында.

Соонымен қатар агенттік Қазақстанның ұлттық шкаласы жөніндегі рейтингті «kzAA+» дейңгейінде белгіледі.

S&P аналитиктері Қазақстан экономикасын бұрынғыша ресурстық базадан, атап айтқанда, мұнай секторынан айтарлықтай тәуелді екенін атап өтті. Агенттіктік берген бағасына сүйенсек, мұнай секторының үлесіне Қазақстан ЖІӨ 20-30%, салық түсімдерінің 50% және экспорттың 60% тиесілі.

Қазақстан рейтингтеріне күшті бюджеттік көрсеткіштер оң ықпал етуде. Рейтингтер бойынша жағымсыз болжамды агенттік сыртқы-ішкі тәуекелдердің артуымен тсіндірді.