«Самұрық-Қазына» АҚ 337 млрд теңге үнемдейді

358

Осы жылы «Самұрық-Қазына» АҚ шығындарын қысқартып, 337 млрд теңге үнемдемек. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Самұрық-Қазына» басшысы Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді. Оның атап өтуінше, қызметкерлердің жалақысы мен әлеуметтік жәрдемақылары қысқартылмайды.

Ал әкімшілік шығындар 64 млрд теңгеге, капитальды шығындар 240 млрд теңгеге қысқартылады. «Қысқарту жүргізу қиын соққан компанияларда қосымша жұмыстар жүргізілді. ҚазМұнайГаз менеджменті осы жылы шығындарын 134 млрд теңгеге, ҚТЖ 84 млрд теңгеге азайтады»,-деді ол.

Сондай-ақ, Ө.Шүкеев персоналға жұмсалатын шығындардың да қысқаратындығын мәлімдеді. Холдинг басшысының түсіндіруінше, шетелдік қызметкерлердің жалақысы жұмыс сапасына байланысты беріледі. «Жалақыларының 20%-негізгі бөлігі, 80%-өзгермелі бөлігі. Өзгермелі бөлігі жұмыс нәтижелеріне тікелей байланысты. Егер компанияға табыс әкелсе ғана, еңбекақылары беріледі»,-деді ол.