«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басшылығында ауыс-түйіс басталып кетті

Самұрық

Алматы. 12 қаңтар. 7kun.kz – Бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ атқарушы директоры Ұлан Тәжібаев пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Айдар Махметов қызметінен кетті. Бұл туралы Айдар Махметов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Вот и подошёл срок моей работы в Фонде «Самрук-Казына». Сегодня — последний день. Ровно 6 лет… Самое долгое мое…

Опубликовано Aidar Makhmetov Пятница, 12 января 2018 г.

«Бүгін менің де «Самұрық-Қазына» қорындағы жұмысым аяқталды. Бүгін соңғы күн. Тура 6 жыл… Менің бір қызметте ең ұзақ отырған кезім. Және менің кәсіби өмірімдегі ең қызықты кезең», — деп жазды ол.

Ол қолдау білдіргені үшін қордың экс-басшысы Өмірзақ Шүкеевке, экс-атқарушы директоры Дархан Қалетаев пен тағы бір атқарушы директор Ұлан Тәжібаевқа алғыс білдірген. Сондай-ақ, Тәжібаевтың да қордағы соңғы жұмыс күні екенін айтып өтті. Махметовтың жазуынша, бірқатар ұсыныс алып үлгерген. Оның ішінде шетелде жұмыс істеуге де ұсыныс түскен.