Samsung SeeColors қосымшасын іске қосады

Samsung
Фото: samsung.com

Алматы. 27 қараша. 7kun.kz — Samsung Electronics барлық QLED теледидарларымен үйлесімді QLED TV үшін SeeColors қосымшасының іске қосылуын жариялады.

Бұл қосымша дисплейдегі түс параметрлерін реттеуге және түс ажырату қабілеті нашар жандарға түсті ажыра білуге және бағдарламалары мен фильмдерін нақты түстермен көруге көмектеседі.

Бүкіл әлемде шамамен 300 миллион адам түс ажыратуда ақауларға ие. Еуропада және Солтүстік Америкада жүргізілген сауалнама деректері бойынша ерлердің шамамен 8 пайызы және әйелдердің 1 пайызы осы аурудан зардап шегеді. Сондай-ақ, осындай көру қабілеті бұзылған адамдардың көпшілігі бұл туралы білмейді.

Теледидарда SeeColors қосымшасын пайдалану арқылы қолданушылар аурудың түрін және ауырлығын анықтай алады. Содан кейін QLED теледидар экранын қайта орнатады. Осы мүмкіндікке ие болу үшін Samsung Electronics компаниясы Будапешт технология және экономика университетінің профессоры Клара Вензелмен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеді.

Түсті қабылдау дәрежесін диагностикалау үшін түрлі-түсті сүзгілер мен математикалық модельдеу тұжырымдамасына негізделген сандық диагностикалық тест әзірледі. Бұл сынақ «SeeColors» қосымшасында пайдаланылады. Нәтижесінде пайдаланушылар әлемді бүкіл түстермен көруге мүмкіндік алады.

SeeColors қосымшасы Samsung Galaxy S6, S6 edge, S6 edge +, S7, S7 edge және S8 телефондары үшін Smart TV App дүкенінен, сондай-ақ Google Play және Galaxy App Store дүкенінен жүктеуге болады. Galaxy смартфонын QLED теледидарға қосқанда, теледидар пайдаланушы диагнозына негізделген түстерді автоматты түрде реттейді.