«Самұрық-Қазына» қарызы шамамен 10 триллион теңге

Нұр-Сұлтан. 15 қыркүйек. 7kun.kz – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қор компаниялар тобының жалпы қарызы шамамен 10 триллион теңгені құрайды. Бұл туралы қор басшысы Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Қазір қордың жалпы қарызы шамамен – 10 триллион теңге. Оның ішінде ең көп үлес – «ҚазМұнайГаз» компаниясының қарызы, ҚТЖ компаниясының қарызы және қор қарызы. «, — деді Сәтқалиев ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, қарыз Қашағандағы үлесті сатып алу үшін тартылған және бұл портфелдегі негізгі үлес. Сондай-ақ ол директорлар кеңесі деңгейінде «ҚазМұнайГаз» қарызды қайта алатыны туралы келісімге қол жеткізілгенін атап өтті.

«ҚТЖ-ның қарыздарына компания толығымен қызмет көрсетеді. Бірақ сонымен қатар, қор өтімділік бойынша компанияға қолдау көрсетеді, атап айтқанда, ҚТЖ компаниясының облигацияларын сатып алдық. ҚТЖ бойынша жарияланған реформалар бағдарламасын негізге ала отырып, ҚТЖ желісі бойынша транзиттің, атап айтқанда Қытай-Еуропа транзитінің ұлғаюына, көрсетілетін қызметтердің ұлғаюына байланысты тәсілдерді негізге ала отырып, ҚТЖ өзінің қарыз міндеттемелерін толық көлемде орындай алады деп есептейміз», – деді ол.