Сарапшы: Жанармай бағасы 148 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

515

Жақын арада жанармай бағасы көтеріліп, 148 теңгеге жетуі мүмкін. Бұл туралы экономикалық сарапшы Денис Кривошеев айтты деп жазады «Къ». 

Оның сөзінше, жанармай бағасының көтерілуінің негізгі себебі ретінде қанша қарама-қайшы болса да мұнай бағасының төмендеуін айтуға болады.

«Арзан мұнай отандық қазынаға ешқандай табыс әкелмейді. Әрине, бұл бірінші кезекте экономикаға трансферт жіберуі қажет Ұлттық қорға қатысты болмақ. Бюджет тапшылығы мен әр саладан келетін табыс азаюының орнын жабу керек. Бұл жерде жанармай бағасын көтеру деген шешім дәл келіп тұр», — деді Д.Кривошеев. Оның есептеуінше, бүгінде жанармайдың обьективті бағасы 142 теңге болу қажет. Сондай-ақ өзге сарапшылар да бұл бағаның өндірісі шығындарын, технология және логиситиканы есептегенде ең әділі екендігін мәлімдеді.»Қазіргі бағаның қалғанын қалар едік, бірақ алдағы ай ішінде жағдай теріс жаққа өзгеруі мүмкін», — деп атап өтті спикер.
Бұл жанармай бағасының көтерілуіне қатысты бірінші пікір емес. Бұған дейін экономист Ғалым Құсайынов журналистерге берген сұхбатында баға міндетті түрде өсетінін және бұған зауыттарды қайта жөндеуден өткізуі, жанар-жағармай өндірушілердің қарыз алуы, АИ-92 жанармайы үшін қажетті қоспалардың қымбаттап кетуі және жергілікті нарықтағы мұнайдың теңгеге шаққанда қымбаттап кетуі себеп екенін айтқан еді. Сарапшының болжамынша, егістік жиналу кезеңі аяқталғаннан кейін баға көтерілуі мүмкін. Ал, Энергетика министрлігі сарапшылардың мұндай болжамына ешқандай пікір білдірген жоқ.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазақстандық зауыттар жазғы кезеңде ай сайын 250 мың тонна жанармай, 390 мың тонна дизельді отын өндірген. Сондай-ақ Ресейден ай сайын 100 мың тонна отын импортталады.