Сарапшылар: 2015 жылы Қытай экономикасы бәсеңдейді

792

Қытай қоғамдық ғылым академиясы (ҚҚҒА) 2015 жылы ел экономикасы 6,9 пайызға өседі деген болжам айтты. Бұл жөнінде дүйсенбі күні Синьхуа агенттігі хабарлады.

Қытай билігі наурызда жария етілген мақсаттарға сәйкес, осы жылы жылдық орташа өсім 7 пайыз болады деп жоспарлаған еді. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында Қытайдың ЖІӨ 7 пайызға өсті. Бірақ, көпшілік экономикалық индикаторлар үшінші тоқсанның алғашқы екі айында экономика дамуы тежеледі деп көрсетіп отыр.
«Экономикалық өсім төмендейді. Ол тіркеудің қатал жүйесі мен адами капиталдың жетіспеушілігі сынды кедергілердің салдарынан ЖІӨ өсімі бәсеңдеуі мүмкін. Қытай көбіне инфрақұрылымды дамытуға және қалалану есебінен тұтынудың көбеюіне мән береді», — делінген баяндамада.
Академия сарапшыларының айтуынша, алдағы 5 жыл Қытай экономикасының ақырын және тұрақты түрге ауысуы үшін шешуші кезең болмақ. Осыған орай еңбек ресурстарын қысқарту, қаржы жұмсалымы екпінінің азаюы мен сұраныс құрылымдарының өзгеруіне қатысты мәселелер шешілуі тиіс. 2014 жылы Қытайдың ЖІӨ 7,3 пайызға өскен еді.