Сбербанк басшысы Ресей үшін экономикалық даму көзі жоқ деп есептейді

448
Сбербанк басшысы Ресей үшін экономикалық даму көзі жоқ деп

Сбербанктің президенті Герман Греф Ресейдің экономикалық өсуіне себепкер болатын даму көзі бар деп есептемейді. Бұл туралы ол Мәскеуде өткен биржалық форумда мәлімдеді.

«Біз әрқашан санға мән беріп, сапаны ұмытамыз. Осы жылы 3 пайыз төмендедік десек, келесі жылы көтерілу байқалуы мүмкін. Бірақ мұның барлығы сапалық емес сандық сипаттамалары ғана», — деп мәлімдеді Герман Греф.

Оның сөзінше,  ресейлік экономикаға бизнес-ортаның сапалы дамуы өте үлкен әсер етеді. «Мен біздегі даму көздерінің қайдан шыққанын түсінбеймін. Біздегі инвестицияның құлдырау жиілігі ЖІӨ-нің құлдырау жиілігінен де алда», -деп түсіндірді Сбербанк басқармасының басшысы.

Ол Ресейдің ЖІӨ құрылымындағы инвестиция көлемінің Қытайға қарағанда 2,5 есе аз екендігін мәлімдеді. » Біздің негізгі инвестициямыз шиізат секторына бағытталған, ал ол жерге шектеулер енгізілді. Бұл жерде экономикалық даму көзі туралы не айтуға болады? Инвестицияны қайда бағыттаймыз? Біздегі инвестициялық климат жайлы емес», — деді ол.

Осыған дейін РФ-ның экономикалық даму министрлігі 2015 жылы ЖІӨ 2,5  пайызға қысқарады деген болжам жасаған еді. Ал 2016 жыл 2,3  пайызға, 2017 және 2018 жылдары 2,5  пайызға көтерілуі қажет.