Қазақстандағы Сбербанк Visa және MasterCard карталарына шектеу енгізілді

Сбербанк
Фото: ysia.ru

Қазақстандағы Сбербанк карталарындағы өзгерістер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

MasterCard карталарының жұмысы 2022 жылдың 18 наурызынан бастап, Visa карталарының жұмысы 20 наурыздан бастап жартылай шектеледі.

Шектеу бойынша осы Сбербанктың карталарымен төлеу басқа банктер желісінде қолжетімсіз болады. Сондай-ақ, клиенттер басқа банктердің банкоматтарынан ақша алып, басқа банктердің карталарына ақша аудара алмайды.

«Біз серіктестерімізбен қарым-қатынасты үзбейміз және қызметтерді тезірек қалпына келтіруге үміттенеміз», – делінген баспасөз хабарламасында.

Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 110-нан астам қызмет көрсету бөлімшелері және көлемі бойынша үшінші банкомат желісі бар. Сондай-ақ, тұтынушылар MIR және China Union Pay төлем жүйелерінің карталарын ашуға өтініш бере алады.