SCAT Қазақстан мен Татарстан арасында жаңа рейстер ашады

6 шілдеден бастап Қазақстан мен Татарстан арасында жаңа әуехабарлама жолға қойылады. Астанада Қазанға баратын рейс әр дүйсенбі және бейсенбі сайын Boeing 737 ұшағы арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы SCAT әуекомпаниясына сілтеме жасап LS хабарлайды.

Әуе тасымалдаушы, сондай-ақ, Шымкент пен Ақтөбеден Санкт-Петербургқа баратын рейстерді ашу мүмкіндіктерін қарастыруда. Осыған дейін хабарланғандай, 2020 жылға дейін әуекомпания 3 ұшаққа ие болмақ.

«Осы жылдың үшінші тоқсанында компания флоты  Bombardier CRJ 200-бен толығып, 19 әуе көлігін құрайды. Жаңа ұшақтар  ішкі және халықаралық рейстерді де жүзеге асырады. Компания Қазақстан мен Ресейдің аймақтық қалаларын байланыстырды жоспарлап отыр», — деп түсіндірді компаниядан.

Рейстік құрылымды дамыту бағдарламасы бойынша, 2015 жылы Астанадан Томскке және Өскеменнен Новосибирскке баратын екі әуемаршруты ашылған.