SCAT компаниясы Көкшетаудан Ақтауға және Атырауға рейстер жүргізбек

680
SCAT

SCAT әуе компаниясы 6 ақпаннан бастап Көкшетаудан Ақтау және Атырау қалаларына қатынайтын рейстерді ашты деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақтау-Көкшетау-Ақтау, Атырау-Көкшетау-Атырау рейстері аптасына екі рет жүргізіледі. Әуе билетінің құны бір бағытқа 25 000 теңге.

Рейстер 50 жолаушыға арналған  CRJ 200 ұшағы арқылы жүзеге асырылады.

«Ұшу мен қону уақыты Көкшетау жолаушыларының Ақтау және Атырау аймақтарынан Солтүстік Кавказ, Ресейдің оңтүстік аудандары, Түркия және өзге елдерге баруына ыңғайланып қойылған», — делінген хабарламада.

SCAT – Қазақстанның ірі әуе  тасымалдаушыларының бірі. Қазіргі күні әуе компаниясында 18 әуе кемесі бар, олар: Boeing-767-300ER (жалпы саны — 1), Boeing-757-200 (4), Boeing-737-300/500 (6), Boeing-737-700NG (1) және Bombardier-CRJ-200 (6).