Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz - Қазақстан журналистер одағының басшысы Матаевқа амнистия бойынша кешірім берілді. Бұл туралы ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитеті хабарлады.
"ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты амнистиция" арқылы жазасын өтеу мерзімі қысқартылды.
«4 баптың, 1 тарауының 4 тармағы бойынша, "Ауыр қылмысы үшін қамауға алынған 60 және одан жоғары жастағы ер адамдарды Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру" негізде Сейтқазы Матаевтің жазасы жеңілдетілді», - деп жазылды хабарламада.
Бұған дейін Матаевтің әлі өтелмеген 5 жарым жыл мерзімі болған, жаңа шешім қабылданғаннан кейін оның жазасы 2 жыл 8 айға қысқартылды.
Қазақстан журналистер одағының бұрынғы басшысы шамамен бостандыққа 2019 жылдың екінші жартысында шығады.
Еске салсақ, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейтқазы Матаев пен оның баласы "КазТАГ" агенттігінің бас директоры Асет Матаев 2016 жылдың 22 ақпанында ұсталды. Олар ҚР Инвестиция және даму министрлігі байланыс комитеті бюджетінен 300 млн теңге жымқырғаны үшін және 300 млн теңге салық төлемінен жалтарғаны үшін айыпталған болатын.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024