Семейде тағы бір ірі қаржы пирамидасы анықталды

пирамида
Фото: aikyn.kz

Семей. 29 мамыр. 7kun.kz — Семей қаласының №2 сотында ірі инвестициялық пирамиданың жетекшісінің ісі туралы процесс аяқталды. Бұл туралы abctv.kz хабарлады.

Ол адам тарту үшін арнайы желі құрған. Жүйеге екі мыңнан астам адам тіркеліп, ондаған миллион теңге айналымда болған.

Аталмыш істе негізгі адам ШҚО тумасы Альмира Есенбаева (аты-жөні өзгертілді). Семей тұрғыны, бірақ Ақтөбеде тіркелген. 2014 жылы құрбысы Сабина Ақболина екеуі Ақтөбедегі веб-студияға сайт құру, қолдау және қызмет көрсету туралы тапсырыспен жүгінеді. Бұл веб-ресурс Есенбаеваның бизнесі ретінде құрылған қаржы пирамидасының құрылуына негіз болды. Сайтта орналасқан жағдайға сәйкес пирамиданың қатысушысы осы интернет-алаңға тіркеліп, Есенбаеваның есепшотына 55 мың теңге аударады және ол шақырған адамнан кейінгі реттік орынға орналастырылады. Өз кезегінде, жаңа қосылған адам ақша төлейтін екі адам тауып, тағы екі адамды шақырады, салымшы алты адам жинағанда, қатысушы 180 мың теңге сыйлық алады. Оған 125 мың теңгесі беріліп, қалған ақша бағдарламаға қайта қатысу құқығымен инвестиция ретінде жүйеде қалады.

2015 жылы Ақболина мезгілсіз қайтыс болып, Есенбаева істі жалғастыра береді. Клиенттерді тарту үшін автомобиль ойнатылады деп уәде еткен. Тергеу деректеріне сәйкес екі жылда жүйеге 70 миллионнан артық қаражат тартылған. Сайтта екі мыңнан астам пайдаланушы тіркелген. 2016 жылы Алмира Есенбаев ұсталды. 30 адам жәбірленуші деп танылды, алайда олардың басым бөлігі шығынның орнын толтырғанын хабарлады. Сондай-ақ кей жәбірленушілер оның екі жасқа толмаған қызы бар болғандықтан, Есенбаеваны соттамауды өтінді. Есенбаеваны мүлкін тәркілеумен бес жылға бас бостандығынан айырды. Рақымшылық бойынша мерзім екі есеге қысқартылды.

Бұған дейін қаржы пирамидасы деген не және оны қалай анықтауға болатындығы туралы кеңестер ұсынғанбыз.