Шұғыл: Ұлттық банкке банктердің қаражат қозғалысын бақылауға заң жүзінде құқық беріледі — Назарбаев

қозғалысын
Фото: Atameken Business Channel

Астана. 9 ақпан. 7kun.kz – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банкке екінші деңгейлі банктердегі қаражат қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін заң жобасын қарастыруды тездетуді тапсырды.

«Мен банкке (Ұлттық банкке-7kun.kz) банктердің жағдайын және барлық қаражат қозғалысын  қадағалап, ол жерде не болып жатқан (келеңсіздіктерді-7kun.kz) түбірімен жою үшін тиісті заңды енгізу туралы тапсырма бердім. Қарастыруларыңызды сұраймын»,-деді Назарбаев бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!