Шаймерденова Сәуле Сансызбайқызы

Шаймерденова Сәуле Мансызбайқызы

Шаймерденова Сауле Сансызбайқызы 1968 жылы туған. «Қайнар» университетін «халықаралық экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын «Цеснабанк» АҚ-та бастайды.

1994 жылдың маусымынан 2003 жылдың қарашасына дейін ол әр түрлі: есепші, маман, жетекші маман ретінде қызмет атқарды. 2003-2004 жылдар аралығында бухгалтерлік операциялар бөлімінің бастығы; 2004 жылдың қазаны мен 2007 жылдың ақпаны аралығында ішкі аудиттің басқарма бастығы болып жұмыс істеді. 2007-2008 жылдары аудит департаментінің директоры болып қызмет атқарды. 2008 жылы наурыз-қараша айларында «Цеснабанк» АҚ-тың атқарушы директоры, ал 2008 жылдың қарашасынан басқарма директоры болып тағайындалды.

2017 жылдың 14 маусымынан бастап Шаймерденова Сәуле басқарма төрағасы орынбастары қызметінен ПАО «Плюс Банк» басшы қызметіне тағайындалды.