Shell концерні Қазақстандағы жобаларға қатысуға мүдделі

49
Shell
Фото: shell.com.kz

Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz — Royal Dutch Shell концерні Қазақстан аумағында жобаларды іске асыруға одан әрі қатысуға мүдделі. Бұл туралы премьер-министр Асқар Маминмен кездесуде «Халықаралық барлау және өндіру» бөлімшесінің директоры Эндрю Браун хабарлады.

Кездес барысында тараптар Қашаған және Қарашығанақ кен орындарын игеру бойынша бірлескен қызмет, Жемчужина» учаскесінде «Қаламқас» және «Хазар» ұңғымаларын игеруге қатысу мәселелерін қарастырды.

Айта кетейік, компания үшін перспективалы бағыт — баламалы энергия көздерін дамыту. Қазіргі таңда Royal Dutch Shell Таразда күн электр станциясын салу жобасын әзірлеуде.

ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Мамин компанияның ірі инвесторлардың қатарында екенін атап өтті. Бүгінде елімізде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде және инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктері нығайтылып жатыр.

Кездесудің соңында тараптар өзара іс-қимыл салаларын кеңейтуге және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниет білдірді.