Шымкентте жаңа «Қаржы орталығы» салынады

620

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкенттегі жаңа әкімшілік іскерлік орталығында 1,4 гектар жерге «Қаржы орталығы» салынады. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметов Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиында мәлімдеді.

Әкімнің сөзінше, бүгінде Шымкентте бірнеше нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айталық, бүгінгі күнге шейін облыс әкімдігімен оның құрылымдық басқармалары, облыстық мәслихаттың ғимараты, «Рахима плаза» сауда кешені, «Оңтүстік» қабылдау үйі пайдалануға берілген болса, жаңа мешіттің, тұрғын үйлердің құрылысы салынуда.
«Алдағы уақытта жалпы аумағы 1,4 гектарға жететін «Қаржы орталығының» құрылысы жүргізілетін болады», — деп атап өтті әкім.
Асқар Мырзахметов «Қазына» этнотарихи кешенінің құрылысы биылғы жылы қараша айында аяқталып, ел игілігіне берілетінін және «Бабалар өсиеті» аллеясымен «Жібек жолы» композициясының құрылысы жүргізіліп жатқанына да тоқталды.

Дереккөз: Bnews.kz.