Шымкентте жалақы көтеріле бастады

163
айлық
Фото: arnapress.kz

Алматы. 8 шілде. 7kun.kz — Мегаполистегі жалақыны көбейту бастамасын алғаш болып «Shymkent Temir» компаниясы қолдады, деп хабарлайды inform.kz.

«Shymkent Temir» ЖШС зауыты — болат блюм шығаратын қазақстандық кəсіпорын. Мұнда жартылай дайын өнімдер 40 тонналық индукциялық пештерде, болатты пештен тыс өңдеу құрылғысында жəне үш ағынды үздіксіз құю машиналарында құйылады.

Қазіргі таңда зауытта 500-ден астам адам жұмыс істейді. Олардың басым көпшілігі  жергілікті тұрғындар. Ал, бірінші қыркүйектен бастап олардың жалақылары  бұрынғыға қарағанда 30 пайызға өсетін болды.

Бүгін қала əкімі Ғабидолла Əбдірахымов аталған кәсіпорынға арнайы барып,  серіктестік басшысы Руслан Омаровқа жұмысшыларының жалақысын көтеру бастамасына қолдау көрсеткені  үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, бұған дейін шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласына республикалық мәртебе берілгеннен кейін әкімдік қызметкерлері Астана мен Алматымен бірдей жалақы алатынын айтқан болатын. Әкім қарапайым жұмысшылардың жалақысын да көтеруге күш салатынын атап өткен еді.