Түлкібас аудандық полиция басқармасының басшысы Данияр Мейірхан ұсталып, қамауға алынды. Бүгін Kozachkov offside телеграм арнасы осындай ақпарат таратты.
Телеграм арнаның жазуынша полиция подполковнигінің үстінен «Autocenter Ontustik» өкілі Алым Жұмашев арыз жазған.
Онда арыз иесі Данияр Мейірхан автосалон иесі Бакеновпен таныстығын пайдаланып 2022 жылғы, құны 21 млн 990 мың теңгелік Kia Sorento көлігін алғанын және қазірге дейін ақшасын толық есеп-айырыспағанын айтады. 25 қаңтарда көлікті алып кеткен полиция қызметкері, тек 28 ақпанда 3 млн 978 мың теңге көлемінде алдын-ала төлем жасаған. Соның негізінде сатып алу келісім-шартымен Э.И Мадиярованың атына тіркеген. 4 наурызда есептен шығарып, 5 наурызда Данияр Мейірхан өз атына тіркеген.
«Автосалон өкілдерінің 15 млн 112 мың теңге қарызды жабу туралы ұсынысына Мадиярова көлікке қатысым жоқ деп жауап берген. Ал Мейірхан қарызы жоғын, егер негізсіз талап қойылса, автосалонның қызметіт тоқтататынын айтқан», деп жазады телеграм арна жариялаған мәтін суретінде.
Сондай-ақ, телеграм арна жариялаған мәтін-суретте автосалон өкілінің арызы негізінде ҚР ҚК-нің 389 тармағы 4 бабы бойынша іс қозғалып, 15.00-де Данияр Мейірхан Шымкент қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы жазылады.
Айта кетейік, Данияр Мейірхан ОҚО, Шымкент, Түркістан қалаларының ПБ басшы қызметтерді атқарған. Әлеуметтік желіде белсенді полиция қызметкері фейсбук желісінде 17 сағат бұрын жазба қалдырған. Kozachkov offside телеграм арнасының ақпаратын жоққа шығармаған. Оның ұсталғаны туралы Шымкент қалалық ПД ресми сайтында ақпарат та жоқ. Бүгін ПД сайтына 3 жаңалық жарияланған. Оның бірінде Шымкентке ІІМ Марат Ахметжанов бастаған жұмыс тобы келіп, Шымкент қаласының әкімі, қала активі және мәслихат депутаттарымен кездескені туралы айтылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024