«СК-Фармация» басқармасына жаңа басшы тағайындалды

228
Фото:Forbes.kz

Алматы. 23 ақпан. 7kun.kz — «СК-Фармация» ЖШС басқармасының жаңа төрағасы болып Максим Касаткин тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»

«2017 жылғы 22 ақпанда ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес «СК-Фармация» ЖШС басқармасының жаңа төрағасы болып Максим Касаткин тағайындалды», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 3 ақпанда бүгін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «СК-Фармация» компаниясының қызметін сынға алған еді. Келесі күні Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «СК-Фармацияның» бірінші басшысы қызметтен шеттетілгендігін мәлім етті.