Смарт-сағат сатылымы күрт өсті

Фото: Технообзор

Алматы. 7 қараша. 7kun.kz — 2018 жылдың үшінші тоқсанында смарт-сағаттарды жеткізу жылдық есеппен 67%-ға артып, 10 млн данаға жетті. Бір жыл бұрын жеткізілім 6 млн бірлік деңгейінде болған. Бұл туралы Strategy Analytics зерттеу компаниясы хабарлады.

Мамандардың айтуынша, тұтынушылар смартфондарын қол аксессуарларымен толықтыруға ұмтылатындықтан,  гаджеттердің танымалдығы өсіп келе жатыр.

Үш айлық кезеңде жаһандық ауқымда шамамен 10 млн смарт-сағатты жеткізу жүзеге асырылды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 66,7%-ға артық. Өткен жылы тек 6 млн гаджет сұранысқа ие болды.

«Ақылды» сағатттың ең ірі өндірушісі Apple болды. Мамандардың бағалауы бойынша, өткен тоқсанда компания 4,5 млн Apple Watch жасап, көрсеткішті бір  жыл бұрынғы сәйкес кезеңнен 25%-ға жақсартқан.

Екінші орынға  Fitbit орналасты. Бір тоқсанда өндіруші 1,5 млн смарт-сағат тиеп, нарық үлесін 15%-ға дейін ұлғайтты. Компанияның нарықтық үлесі әлі де өседі деген болжам бар, өйткені оның өнімі АҚШ-та танымал.

1,1 млн смарт-сағат жөнелткен Samsung-ке нарықтың 11%-ы тиесілі. Бір жыл бұрын жеткізу және нарықтық үлес 600 мыңға(10%) тең болды.

Осылайша, қазіргі уақытта «ақылды» сағат жаһандық нарығының үштен екі бөлігі  үш жетекші өндірушіге тиесілі. Қалған өндірушілер саланың шамамен 29 %-ын құрайды.

Рейтингтегі төртінші орынға Garmin орналасып, жеткізілімді 600-ден 800 мың данаға дейін ұлғайтты. Алайда, бұл өндірушінің смарт-сағаттарының үлесі 10%-дан 8%-ға дейін қысқарды. Мамандардың айтуынша, нарықтағы Garmin жағдайы бәсекелестіктің күшеюіне байланысты киындады.