Алматы. 15 желтоқсан. 7kun.kz - 1980-2016 жылдар аралығында әлемнің барлық елінде тұрғындардың табысы жағынан теңсіздік деңгейі өскен. Бұл туралы World Inequality Lab (WIL) ұйымы әзірлеген Әлемдегі теңсіздік туралы баяндамда айтылды.
1980 жылдан бастап әлемдегі бай адамдар кедейлерге қарағанда екі есе жоғары табыс тапқан. Атап айтқанда 1980 жылдан бастап әлемдегі табысы ең жоғары 1% адамның қалтасына әлемдік кірістің 27% түсіп отырған. Ал кедейлер қатарына жататын жер шарының 50% тұрғыны кірістің 13%-на ғана ие болған. Мұндағы 1% - 75 млн, 50% - 3,7 млрд адам.
Табыс жағынан теңсіздіктің ең шекті мөлшері Солтүстік Америка, Қытай, Индия мен Ресейде байқалған.
АҚШ пен Канадада табысы жоғары 10%-ға елдегі кірістің 34% тиеселі болған. Қытайда 1980 жылы қалталы адамдарға елдегі кірістің 28% тиеселі болса, 2006 жылы көрсеткіш 41%-ға жеткен. Индияда 1980 жылы - 30%, 2006 жылы 55% болған.
Ресейде ең қалталы 10% адам елдегі жалпы кірістің 46%-ын иеленген. Қалғаны 90% тұрғынның үлесінде.
Еуропа бойынша бұл көрсеткіш 37%.
Таяу Шығыс, Африка елдері мен Бразиялияда кірістің теңсіздігі өте жоғары деңгейде қалған. Мысалы Таяу Шығыста халықтың 10%-кірістің 61% иеленіп отырған.
Соңғы 10 жылда теңсіздік көлемі айтарлықтай өскен.
Баяндаманы жасаушылардың бірі Л.Чанселдің пікірінше теңсіздіктің болуына әр елдегі саяси бағыт үлкен әсер етеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024