SoftBank Apple Pay-дің аналогын іске қосады

159
SoftBank
Фото: SiliconANGLE

 Алматы. 30- қаңтар. 7kun.kz — Жапондық телекоммуникациялық компания Softbank өзінің  жеке онлайн төлем жүйесін құруды жоспарлар отыр. Сондай-ақ аталмыш төлем жүйесі осы саладағы көшбасшы PayPal, Apple Pay және Alipay-лерімен бәсекелестікке түспек. Бұл туралы rb.ru сайты The Times сілтеме жасап хабарлады.

Жапониялық компания өкілдері мұндай жүйе жасау үшін әлемдегі жетекші банктердің қатысуымен консорциум құру мақсатында  келіссөздер жүргізіп жатқандығы белгілі.

Жеке төлем жүйесін жасау мақсатында Softbank бұл іске  шамамен 10,7 млрд долларға швецариялық Temenos Group-ты тартуды жоспарлап отыр.

Осы ақпараттан кейін Temenos Group-тың акциялары 20 пайызға қымбаттады, алайда кейін бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Қания Табыс