Солтүстік Қазақстан облысында айналма жолды су шайып кетті

айналма
Фото: kazavtodor.kz

Алматы. 2 сәуір. 7kun.kz – Бүгін таңғы сағат 5 шамасында республикалық маңызы бар М-36 «Екатеринбург-Алматы» автожолының 835 шақырымында, Солтүстік Қазақстан облысының «Чистополье» елді мекенінің маңындағы Ақан-Бұрлық өзені арқылы өтетін көпірдің жанындағы айналма жолдың үстінен су жүріп кетті.

Тасқын салдарынан айналма жолдың жол төсенішінің бөлігі бұзылды. Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеуде.

Бұл жағдай «ҚазАвтожол» ҰК АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының және облыс жол қызметінің бақылауында.