Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылы Қазақстан сыбайлас жемқорлықтан 3,3 млрд теңге зардап шекті.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметі бойынша, өткен жылы өндіріст 2,8 мың қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде 2 мыңнан астам іс тергеумен аяқталды.
Материалдық залалдың ең көп сомасы ауыр құқық бұзушылықтар тарапынан – 2,8 млрд теңге болды. Ауырлығы орташа қылмыстар – 266,1 млн теңге, онша ауыр емес қылмыстар – 264,3 млн теңге залал келтірген.
Қылмыс жағдайында ең үлкен залал қызмет өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін – 2 млрд теңгеге жуық болды. Алаяқтар 624,4 млн теңге пайда тапты, ал сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденгені немесе ысырап еткені үшін 282,4 млн теңге шығын болды. Бұдан басқа, экономикалық контрабандашылар – 115,4 млн теңге, пара алушылар – 167,8 млн теңге, сондай – ақ оны берген адамдар – 35,9 млн теңге. Қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру немесе жылыстату үшін 8,1 млн теңге, қызметтік жалғандық жасау үшін 7,4 млн теңге.
Сонымен қатар, мемлекетке келтірілген шығыннан 2 млрд теңгеден астам қаражат өз еркімен қайтарылды.
Тэги:
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024