Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі төрағасының орынбасары ауысты

Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі
Фото: forbes.kz

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz — Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінде басқарма төрағасына жаңа орынбасарлар тағайындалды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа орынбасалар Әлия Айдарбекова, Жанар Жубаниязова және Мирас Бейсембаев болды.

Бұған дейін, Әлия Айдарбекова «Қазақстан инвестиция қорының» басқарма төрағасының орынбасары қызметін қызметін атқарған.

«Еуразия банкінің» шағын және орта бизнес департаментінің бұрынғы директоры Жанар Жубаниязова даму блогына жауапты болып тағайындалды.

Ал, Мирас Бейсембаев «Дамудың» басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Алдағы уақытта құқықтық саладағы сұрақтар мен сатып алуларға жауап беретін болады.

Ерболат Досаев басқарып отырған директорлар кеңесі бұл өзгерістерді мақұлдады.