Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша 13 өңір белсенді

13
Фото: baq.kz

Алматы. 14 желтоқсан. 7kun.kz – Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша Қазақстандағы 16 аймақтың 13-де өсім байқалған. 2016 жылы бұл көрсеткішке Қазақстанның 8 өңірі ғана қол жеткізген.

Мемлекет «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша несиелеудің жеңілдетілген шарттары арқылы жеке тұрғын үй салушыларды одан әрі ынталандырмақ. Бұл жағынан қазір Алматы қаласы белсенділік танытып отыр.

«Оңтүстік астана» тұрғындары осы жылы 106 мың шаршы метрге құрылыс салып, пайдалануға берілген. 2016 жылмен салыстырғанда 41,5 пайызға артық. Республикалық ЖТҮҚ нарығында Алматының үлесі 6,4 пайыздан 9,7 пайызға дейін артты.

Екінші орында — Ақмола облысы. 2017 жылы облыста 88,8 мың ш.м. немесе өткен жылдың 10 айына қарағанда 58 пайызға артық жеке тұрғын үй берілді. Республикадағы аймақтың үлесі 6,5 пайызды құрайды. Ал, 2016 жылы 3,8 пайызға бағаланған.

2017 жылдың қаңтар-қазанында 69,2 мың шаршы метрге тұрғын үй салған аймақ БҚО болып есептеледі. 2016 жылдан 50,9 пайызға артық деңгей. Республикалық ЖТҮҚ нарығындағы үлесі 3,4 пайыздан 5,5 пайызға артқан.

Осы жылдан бастап, өз үйі болғанын қалайтындар «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында, тұрғын үй сатып алуға берілген несиелерді субсидиялау түрінде мемлекет тарапынан қосымша қолдау алады. Субсидиялауға жататын несиенің ең жоғарғы мөлшері — 20 млн теңге (қосқанда). Субсидиялау мерзімі 60 айға дейін.