Түркия 2 мыңға жуық қазақстандықты қара тізімге енгізді

167
Түркия
Фото: kapital.kz

Стамбул. 17 шілде. 7kun.kz — 1914 қазақстандыққа Түркияға кіруге тыйым салынды. Бұл туралы Түрік Республикасының Ішкі істер министрлігінің ДАИШ-пен күрес туралы баяндамасында айтылды.

Баяндамаға қарағанда, бұл тізімге 146 елдің 53 мың 781 азаматы енгізілген. Олардың лаңкестермен байланысы бар делінеді және Түркия арқылы қақтығыс аймағына кіріп кетуі мүмкін екені айтылады.

Фото: tengrinews.kz

Сайтта 10 елдің азаматтары бар тізім келтірілген. Қазақстан 1914 азаматымен сегізінші орында тұр. Тізімде Сауд Арабиясының 7523), Тунистің (4605) және Ресейдің (4128) азаматтары көп.

Дереккөз: tengrinews.kz