Табысын еселеймін деп ойлаған ақтөбелік жаңа кредит төлеуге мәжбүр

Ақтөбе. 7 қараша. 7kun.kz – Ақтөбе тұрғыны алаяқтарға алданып, банкке төрт миллион теңге қарыз болып қалды, деп хабарлайды 7kun.kz «Диапазон-ға» сілтеме жасап.

Басылымның жаузынша, қала тұрғынына белгісіз біреу телефон соғып, өзін инвестициялық компанияның менеджерімін деп таныстырған. Ол оған табысын еселеу ұсынған.

Ер адам оған сеніп, өзі туралы барлық ақпаратты бейтаныс адамға айтып берген. Кейін оның телефонына уәде етілген ақшаның орнына банктен 4 миллион теңге алғаны туралы хабарлама келген

Полиция департаменті алаяқтың әлі табылғанын хабарлады.