Қайтарылған актив: Павлодар облысы ауылдарында медициналық нысандар салынады
Павлодар облысында медициналық нысандар салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 228 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.
Павлодар облысында медициналық нысандар салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 228 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.
Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызды инфрақұрылым салу жобаларын жүзеге асыруда, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Қайтарылған актив есебінен 17 млрд теңгеге Астанада стадионның жаңа ғимараты салынады.
Абай облысында айтарылған активтер есебінен арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы салынады.
Үкімет Ұлытау облысының Қаражал қаласында 80 орындық мектеп салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.
Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.
Президенттің тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде активтерді қайтару жұмысы жалғасып жатыр.