Таңғы сессия: 1 доллар — 374,5 теңге

доллар
Фото: baku.ws

Алматы. 10 қаңтар. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 374,50 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (374,22 теңге / $1) ұлттық валюта 0,28 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 373 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 374,75 теңге, жабылу курсы бір долларға 374,75 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 53 млн 850 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 113.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 376,5 теңге, Алматыда – 377 теңге.

Ұлттық Банктің 10 қаңтардағы ресми бағамы 1 доллар үшін 374,8 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.