Таңғы сессия: 1 доллар үшін – 383,04 теңге

доллар

Алматы. 12 шілде. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 383,04 теңгені құрады.

Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда ұлттық валюта бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ.

Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:06-да 383,7 теңге, Алматыда – 385,1 теңге.