Таңғы сессияда доллар қымбаттады

таңғы
Фото: intex-press.by

Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 376,62 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (375,60 теңге / $1) ұлттық валюта 1,02 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 375,80 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 378,30 теңге, жабылу курсы бір долларға 378,30 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 48 млн 900 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 102.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 377 теңге, Алматыда – 378 теңге.

Ұлттық Банктің 22 ақпандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 375,95 теңгені құрайды.