«Тақтар ойынының» екінші сериясы желіге шығып кетті

сериясы
Фото: deadline.com

Алматы. 22 сәуір. 7kun.kz – «Тақтар ойыны» сериалының екінші сериясы Amazon Prime жеке жазылу бағдарламасының қателігінен интернетке тарап кетті, — деп хабарлайды The Insider.

Сегізінші маусымды көру үшін төлем жасап қойған германиялық қолданушылар бірінші серияны көріп болған соң, екіншісін де көруге мүмкіндік алған. Видеосервис бірінші серия аяқталысымен, ешбір ескертусіз екіншісін көрсете бастаған. 

Кейінірек Reddit желісінде екінші серия пайда болды, алайда өте сапасыз. Компания өкілі Amazon Prime ол туралы білгеннен кейін қателіктің бірден жойылғанына сендірді.

«Тақтар ойыны» соңғы маусымының бірінші сериясы 15 сәуірде шықты. АҚШ-та сериалды көрушілер саны бойынша рекорд орнатылған. Алайда видео ресми премьераға дейін желіде ерте жарияланған.