Тараз қаласының әкімі қызметінен кетті

Тараз. 5 тамыз. 7kun.kz – Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қызметінен кетеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұл туралы Ержан Жылқыбаев Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

«1,5 жылға жуық уақыт аралығында атқарған жұмыстарымыз тараздықтардың көз алдында болды. Оның бағасын халықтың өзі бере жатар. Ең бастысы – әрбір жоспарымызда, басымдық берген бағыттарымызда тұрғындардың сұранысы мен қоғамның пікірі ескеріліп отырды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын барынша іске асыруға тырыстық. Халық санағы, жалпыхалықтық Референдум сияқты республикалық науқандарды абыроймен атқардық. Игі істер мен әрбір жобаның сәтті іске асуында – жамбылдықтардың қолдауы мен әріптестерімнің еңбегі зор», – деп жазды Ержан Жылқыбаев.

Ол Тараз қаласының әкімі болып 2021 жылдың наурызында тағайындалған еді.