«Тау-Кен Алтын» Ұлттық банкке 16 тоннадан астам алтын сатуды жоспарлап отыр

121
алтын
Фото: agmpportal.kz

Алматы. 18 маусым. 7kun.kz – «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ құрамына кіретін, қазақстандық «Тау-Кен Алтын» мемлекеттік аффинаждық зауыты 2018 жылы еліміздің Ұлттық банкіне 16,29 тонна алтын сатуды жоспарлап отыр деп хабарлады «Интерфакс-Казахстан».

 Бұдан бұрын компания Ұлттық банкке ағымдағы жылы 20 тонна алтын жеткізу жайлы жоспарларын мәлімдеген болатын. 2017 жылы зауыт Ұлттық банкке 15 тонна алтын жеткізген.

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ («Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құамына кіреді) 2013 жылдың желтоқсанында құны 4,5 млрд теңге болатын  тазарту зауытын іске қосты. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 25 тонна алтын мен 50 тонна күміс өндіруге жетеді. Алдағы уақытта алтынды өңдеу бойынша өндіріс қуатын жылына 70-75 тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.