Теңге тағы әлсіреді

теңге
Фото: baq.kz

Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 379,63 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (377,71 теңге/$1) ұлттық валюта 1,92 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 379 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 379,75 теңге, жабылу курсы бір долларға 379,69 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 10 млн 878 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 29.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 380,5 теңге, Алматыда – 381,5 теңге.

Ұлттық Банктің 12 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 377,96 теңгені құрайды.