ӘлемЖаңалықтарИнвестицияТаңдаулы1Экономика

Tesla бәсекелестері инвестор іздеп жатыр

Алматы. 18 шілде. 7kun.kz — Tesla Motors және Lucid Motors компаниясы «Форд» американдық автоөндірушісіне өз өнімдерін сатып алуды ұсынды. Бұл туралы Automotive News хабарлайды.

Кездесудің нақты қай уақытта өткендігі туралы хабар берілмеген. Келісімшарттың балама бағасы да белгісіз. Баспасөздің хабарлауынша, Ford жетекшілігі дәл қазіргі уақытта электромобильдерді сатып алуға қызығушылық танытып отырған жоқ.

Lucid Motors компаниясы фирмаға қосымша инвестиция тартуға көмек үшін Morgan Stanley холдингінен қызметкерлер жалдаған. Қаражат олардың модельдерін өңдеу үшін, әрі Аризон штатында өз кәсіпорындарын ашу үшін қажет. Зауытты салу 700 млн доллар шығынды құрайды.

Айта кетейік, Lucid алғашқы моделі — Air электрокары, 2016 жылдың желтоқсанында шығарылды. Онда 1000 жылқы күші бар электрлік күш енгізілген. Оның максималды жылдамдығы — сағатына 315 км. Мәлімделген максималды жүріс қоры — 643 км.

Lucid Air ең қолжетімді модификациясы 52 500 долларға бағаланып отыр. Ал Tesla Model S-тің ең арзан түрі 57 700 доллар тұрады.

Tags

Еркежан Арын

Редактор

Осы айдарда

Close