Tesla үйге арналған аккумуляторлар шығарды

582
Tesla үйге арналған аккумуляторлар шығарды................

Электромобиль өндіруге бағытталған америкалық Tesla Motors Inc. автомобиль компаниясы үйге қайта қуатталуға арналған литий-ионды аккумуляторларды ұсынды. Құрылғы үйде немесе кеңседе түнгі жарық үшін қажетті күн энергиясын жинақтауға мүмкіндік береді деп хабарлайды The Wall Street Journal.

Кремний алқабында орналасқан компания өндіретін Pоwerwall деп аталатын аккумуляторлардың тұсауы өткен аптада кесілді. Құрылығының биіктігі 1,3 метр, ұзындығы 86 см және ені 18 см. Оны үйдің қабырғасына бекітіп қоюға болады. Литий-ионды жинақтаушыдан бөлек онда компьютері орналасқан.

10 жылға дейін лайықталған «ақылды» аккумуляторлар екі түрде шығарылады. Үлгінің бағасы 3 мың доллардан басталады. Өндірушілердің хабарлауынша, сатылым жазда басталады. Өнертапқыш Илон Масктың айтуынша, жоба «энергия тұтынудағы әлемдік инфрақұрылымды толығымен өзгертуді» мақсат тұтпақшы.