Tesla Пекинде әлемдегі ең ірі Supercharger станциясын ашты

168
Tesla
Фото: Teslarati.com

Алматы. 30-қаңтар. 7kun.kz— Электрокар шығаратын Tesla компаниясы Пекинде ең ірі Supercharger станциясын ашты деп мәлімдеді hightech.fm 

Қуаттағыш жаңа станция Supercharger 50 орынға арналып, Пекиндегі төрт жұлдызды Arriva отелінің жанынан ашылды.

Quаrtz басылымының көрсетуінше, Tesla компаниясы 2014 жылдан бастап, Қытай нарығындағы электрокар шығаратын жергілікті компаниялармен бәсекелестікте табысты болып келе жатыр.

Ал Model 3 дебюті жағдайды өзінен өзі жарысуға әкелді: электрокарларды рекордтық көрсеткіште сату үшін тез арада қуаттағыш станцияларды салу керек. Себебі дәл осы қуаттағыш станциялардың  құрылысы — өндіруші компаниялардың басты басымдығы.   Осылайша Tesla өз басымдығын арттырып, бәсекелестерін артта қалдырып отыр

Қазір Қытай электр құралдарын сатудың негізгі нарығына айналды. Қазір қуаттағыш станцияларының ең тығыз желісі Еуропада, АҚШ-та, содан кейін Қытайда орналасқан.

2017 жылдың қорытындысы бойынша әлемде 1120 станцияда 8250  Supercharger  бағанасы жұмыс істеген. Бір жыл бұрын барлық бағаналар саны 5000, ал станциялар — 350-ден аз болған еді.

2017 жылдың сәуір айында Tesla компаниясы жыл аяғына дейін ең күшті қуаттағыш станциялардың санын екі есе көбейтуді уәде еткен. Алайда компания бұл тапсырманы орындай алмады.

Ал 2018 жылдың аяғына дейін Tesla компаниясы Supercharger бағаналарының санын 18 000-ға дейін жеткізуге яғни екі есе арттыруға үміттеніп отыр.