Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тимур Бекмамбетовтің 400 миллиондық жаңа фильмі прокатқа шықты

Тимур Бекмамбетовтің 400 миллиондық жаңа фильмі прокатқа шықты

Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz - Бүгін продюсер Тимур Бекмамбетовтің «Алғашқылар дәуірі» атты жаңа фильмі қазақстандық прокатқа шықты. Фильмде адамның ашық ғарышқа тұңғыш рет шығу тарихы туралы шынайы оқиға баяндалады.

Бұл жобаға Тимур Бекмамбетовтен бөлек, Евгений Миронов және Сергей Агеевтер продюсерлік етті. Ал картинаның режиссерлік тізгіні Дмитрий Киселевке тапсырылған. Сондай-ақ, фильмдегі басты рөлдерді Константин Хабенский және Евгений Миронов сомдаған.

Жалпы түсірілім уақыты екі жылға созылған. Ал кинокартинаның бюджеті 400 млн рубльді құрады.

Фильмді «Болашақ» қауымдастығы қазақ тіліне дубляждады. Олар бұған дейін «Галактика сақшылары», «Арбалар» секілді танымал фильмдерді қазақ тілінде сөйлеткен еді.

Мейірхан Амангелдиев

Похожие материалы