Тимур Құлыбаев: Мұнай және энергетика саласындағы мамандар өзімізде дайындалуы керек
Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz - 26 қаңтарда Алматыда KAZENERGY қауымдастығы Кеңесінің 22-көшпелі отырысы өтті. Жиынға "Атамекен" ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев қатысты, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.
"Бәріңізге белгілі, қауымдастық мүшелері салық және жер қойнауы туралы кодекстердің дайындалуына белсене қатысты. Ұсынысымыздың көбі осы құжаттарға енді. Біздің заңға енгізген өзгертулеріміз инвестициялық тартымдылықты арттырып, осы арқылы еліміздегі инвестициялық ахуалдың жақсаратынына сенеміз. Сондай-ақ энергетика секторының жұмысшыларына Қазақстанда табысты жұмыс істеу үшін жағдай жасалады деген үміттеміз", - деді Құлыбаев.
Жиын барысында Тимур Құлыбаев Қауымдастық адами капиталды дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атады. Ол Қазақ-Британ техникалық университетінде қазақстандық ірі мұнай-газ компанияларының көмегімен жабдықталған зертханалармен танысты.
"Қауымдастық құрамындағы 83 компанияның маман дайындаудағы міндеттемесі бар. Бүгінгі жиын Қазақ-Британ техникалық университетінде өткізілуі тегін емес. Мұнай-газ және энергетика салаларына маман дайындау қандай деңгейде екенін көзбен көре аламыз. Зертханалар жақсы жабдықталған. Сондай-ақ бұл университеттің қарамағында екі академиялық институт жұмыс істейді. Біз осы әлеуетті пайдалануымыз керек. Қазіргі таңда білім берудің жаңа бағыттары қолға алынып жатыр, бізге қандай мамандар қажет екенін айтуымыз керек. Тек мұнай өндіруде емес, көлік, қайта өңдеу, химия салаларына да қажеттіні ұсыну қажет. Салалардың алдында тұрған міндет, біз мамандарды Қазақстанда дайындауымыз керек. Мысалы «Chevron» компаниясы бастапқыда мамандарды шетелде дайындауды қалады. Алайда осы Қазақ-Британ техникалық университетінің қабырғасында зертхана ашты. Халықаралық дәрежедегі мамандар Алматыда дайындалады",-деді Ұлттық палата төрағасы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024