Тимур Сүлейменов еуро бағамының өсуі мәселесіне тоқталды

еуро
Фото: old.rgmedia.kz

Алматы. 31 тамыз. 7kun.kz — ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов еуро бағамының өсуі мәселесіне тоқталды. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

Ұлттық экономика министрі, валюталық жұптарға назар аударуды ұсынды.

«Еуро айналысындағы ахуалға тоқталсақ, бұл тұрғыда валюталық жұптар бар екені белгілі. Барлығымыз Еуропалық Одақта не болып жатқанын байқап жүрміз. Яғни бұл жағдайлар еуроға шаққанда теңгенің әлсіреуі қозғалысын білдермейді, осы орайда еуроның басқа валюталарға, оның ішінде долларға шаққандағы бағамының күшейгенін байқатуы ықтимал. ЕО-да экономикадағы, жұмыссыздық саласында айтарлықтай жақсы жаңалықтарға байланысты ахуал өзгеріп тұрады. Сондықтан да бұл тақырыпта валюталық жұптарға назар аударған жөн», — деп түсіндірді ведомство басшысы.