Қазақстанда тіркелген автокөліктер саны көбейді

407
автокөлік
Фото: 7kun.kz

Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz –  2017 жылдың қаңтар-шілдесінде 420 126 жеңіл автокөлік тіркелген. Бұл 2016 жылдан 6,5 пайызға көп. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлайды.

2017 жылғы 1 тамыздағы есеп бойынша республикада 3,843 млн бірлік жеңіл автокөлік бар.
2017 жылдың қаңтар-шілдесінде 8 777 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7 пайызға аз.

Айгүл Хожантаева